Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Талгат Сатыбалды - Мен сізді ұмытқанмын... (Нуркен Жанай) | Текст песни

Жанымды тоңдырғансың, жылытпадың,

Сандығын сырларымның құлыптадым,

Жоғалтып үмітімнің сынықтарын

Мен Сізді ұмытқанмын.

Сезімге сүмірейіп ергім келмей,

Өзіңді енді қайта көргім келмей,

Тұтқада нөміріңді тергім келмей

Мен Сізді ұмытқанмын.

Сіз жайлы оңашада ойлай алмай,

Сезімнің теңізіне бойлай алмай,

Қуанышымды өзіңмен тойлай алмай

Мен Сізді ұмытқанмын.

Сырымды мұнга сыйлап сызғанда сың,

Қулады талай биік құздан басым

Бәрінен ажарыңды қызғанғасын

Мен Сізді ұмытқанмын.

Тимесің бірімізге кесіріміз,

Мейлі, енді, өзгелермен есіріңіз!

Жазылмасын бір жерде есіміміз!

Мен Сізді ұмытқанмын!



Талгат Сатыбалды еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1