Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Талгат Сатыбалды - Психолог ару (Канагат Шамшадинов) | Текст песни

Психолог бөлмесіне кірдім мен.
Жас ару. Психолог екенін де кім білген?!
Жүрегімде жұмбақ болып жазылған,
Сырларымды оқып жатыр бір-бірден.

Еске салып жағдайды өткен күндерден,
Елітіп барад, нәп-нәзік бір үндермен.
Алдымдағы психолог сұлуға,
Қу жүрегім ғашық болып үлгерген.

Ғажап сезім тер боп жерге жиі ақты,
Мен отырмын алдында әлі ұятты.
Шынында да,, мен ұяттымын,
Себебі ол қыз..
Сезімімді сезіп қойған сияқты.

Білдірмейін, ұят болып жүрмесін,
Расымен де адасып-ақ жүрме есім?!
Ойлай бермей қашып кеткім келеді,
Бұзып шығып терең ойдың түрмесін.

Ей қу жүрек! Талай ауыр, талай сызда.
Әлде мені бақытқа балайсызба?!
Жас ару! Кешірім өтінемін,
Мен сізді сүйіп қалдым, АБАЙСЫЗДА.!

Талгат Сатыбалды еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1