Айналайын, ақ жүзің, айдан әппақ, дедімай-ау. Көрген адам қасыңнан кете алмайды, Мұз үстінде жүргендей тайғанақтап, дедімай-ау.
Алма ағаштың гүліндей-ау, Текеметтің түріндей-ау. Өтіп дәурен бара жатыр, Сіз бен бізге білінбей-ау.
Құлағыңа таққаның күміс сырға, Күмбірлетіп шығасың күнде қырға, дедімай-ау. Сағыныштан сарғайып шыдам таппай, Мен өзіңді қосамын ән мен жырға, дедімай-ау.
Алма ағаштың гүліндей-ау, Текеметтің түріндей-ау. Өтіп дәурен бара жатыр, Сіз бен бізге білінбей-ау.