Қайырмасы: Күнделікті бір сарын қалдырмайды жылы әсерді, Апта ішіндегі сен күтетін күндер жұма, сенбі. Енді күл, жыла, сергі, қошеметтеп қос МС-ді, Tarlan & Buck Қабыл алғын тосын сыйды!
Ұзақ тұрған қару қалай ғана атпас оғын, Солай демек, тұрмын міне, жаңа жырды жатқа соғып. Кім рас айтса мақта соны, Айналар бір сәт баққа соры, Қызғылт көзілдіріктілер жүргендер тәтті мақта сорып. Апта соңы, Тарлан тіптен таппас орын, Сен де босқа жатпа солып, Қараша, Сойылуда қысқы шаққа соғым. Төрт түлігін сойып, сауып, Жылу іздегенге шойын сауыт, Man, just follow me жұртқа керегі ойын-сауық. Апта соңы қуантады, Жастар жағы қуар тағы, түнгі пабта шу артады. Бұл кеште дауа дайын, туса да дау анайы, мейлі жаңбырдың жауар айы, жасаудамыз ауа райын. Құлақ түр сау ағайын ақиқатқа бар ма лайық Мені нашамен көруің екіталай, алмағайып. Қажет пе жалған айып, Мен сөйлеудемін іркілмей, ман, Мүмкін жерлес, мүмкін мейман, Шошқаға да бір күн мейрам.
Қайырмасы: Күнделікті бір сарын қалдырмайды жылы әсерді, Апта ішіндегі сен күтетін күндер жұма, сенбі. Енді күл, жыла, сергі, қошеметтеп қос МС-ді, Tarlan & Buck Қабыл алғын тосын сыйды!