Тарлан Кіші Жүз Ар алдында ақиқатты айту қажет, айтпаса сөздің атасы өледі...
Қайырмасы: Хас жырау деп атайды нагыз бал тамған таңдайды, Хас жырауды жырын тыңдар жұрты ғана біл таңдайды. Халық халінен хабары жоқ, тек сезінген рахатты, Хауызда жатып, хат танымай да, жырлайды хақты.
1.Бірінен өткен бірі, түсе қоймайтын еңселері, Өтірікті көпіріп, бөсіп жатса да ел сенеді. Қаншалықты керім дыбыс жазатын кеңселері, Соншалықты мықты білем Қазақстан МС-лері.
Қара сиямен бояп, жай тор көзді ақ парақты, Дәл осылай босатамын бойымдағы ақпаратты. Қаншама дәрігерлер киіп алғанмен ақ халатты, Гиппократтың алдындағы уәделерін сақтамапты.
Ақиқат деген осы, сөзім жоқ басқа қосатын, Тілің қамшыдай болсын осал жерінен осатын. Кім болсаң да бәрі-бір, ақын болып жаралдың ба, Әр сөзің, әр әрібің пәк болсын тек ар алдында!!!
Қайырмасы: Хас жырау деп атайды нагыз бал тамған таңдайды, Хас жырауды жырын тыңдар жұрты ғана біл таңдайды. Халық халінен хабары жоқ, тек сезінген рахатты, Хауызда жатып, хат танымай да, жырлайды хақты.
2.Қуанышқа ортақтаспай, бірге масаттанбай, Көреалмаушылық тасадан тас атқандай. Артынан артық сөйлеп, шоу қояды, көр, қызық, Жер өртеуге көбі құмар бәленің отын өргізіп.
Бір-бірін балағаттап, атақ жинау бар АҚШ-та, Бірақ сен қазақ болған соң, өз салтыңмен нақышта. Сылдыр сөздің шебері ма ең, жыр оқыған сәндік үшін, Біл, қанша жан қара термен осы іске салды күшін.
Хат танымай жатса да, рахатқа толы айналасы, Қиындықты көрдім дейді бір сөзінде бай баласы. Солай ма деп, ауызды ашып, жататынымыз бар таң болып, Ал шын жыраулар еңбегі сөреде жатар шаң қонып.
Әділ ме бұл әлеумет, айтыңдаршы ар алдында, Қадірін кейін білдік қой тартылып біткен Аралдың да. Жалған топтар қаптап кетті қазақ жыры шыңдарында, Сондықтан орын берейік тек лайықты шын дарынға.
Қайырмасы: Хас жырау деп атайды нагыз бал тамған таңдайды, Хас жырауды жырын тыңдар жұрты ғана біл таңдайды. Халық халінен хабары жоқ, тек сезінген рахатты, Хауызда жатып, хат танымай да, жырлайды хақты.
3.Бағыңа бұйырған әр мүмкіндікті қолданып өт, Тәсілін таппасаң егер адасудың жолдары көп. Жұртқа жағамын десең біреудің ісін көшіріп, Форумда бұны сөз қылып дейді саған Ө, шірік!
Сөйте тұра аяқасты тап боласың айқай-сынға, Байқайсың ба, тіл бар екен адамдардың қай-қайсында. Шамаң келгенше ұрыс, бірақ үндемеген дұрыс, Мейліңше ұстамды бол, сабырлық ол да бір іс.