1.Пенде болғаннан кейін, өмірде бәрі де болады, Солай демек, бала кезімнің ендігі бол қонағы. Есімде Кеңес Одағы, көп нәрселер тегін еді, Кесір ме, әйтеуір әкем сол күнді аңсап тебінеді.
Расында, солай ма қайдам, ол кезде балғын көжексің, Егемен Қазақстан болғанымызға да не жетсін! Бастысы, көңілім тоқ, балалықты бал қылған, Астымдағы сол кезгі үш дөңгелекті «Балдырған».
Естеліктер қалдырған, еске алсаң көз ілмейтін, Ол кезде бәрі сапалы, Қытайды мүлде білмейтін. Білсе тек Брюс Лиді ғана, көп көрген соң бейнелерін, «Сондай болсам» - деген ойлар қинайтын да кейде мені...
Көп затты қызық көресің, расында талайы болды, Әр үйден бірақ көрмейсің видео магнитофонды. Мәмпәсиге қуанып, жүргенбіз ауыздан су ағып, Шіркін-ай, бір сезінсек сонау балғын дәурен шуағын.
Қайырмасы:
2.Сол кездегі күндерге, достым, әлі күн қайранмын, Есіңде ме, тапсырған сәттер шөлмектерін айранның. Жинайтынбыз түрлі-түсті орамасын сағыздардың, Әйтеуір не, балғын шаққа сол үшін де қарыздармын.
Сол кездегі бір сомға түрлі қызықты көретін, Әр тиын мен әр ақшада Ленин атаның суреті. Кезекте тұрушы едік нан алам деп дорбамен, Екінші сыныпта оқып жүретінмін сонда мен.
Асты тауыспай тұрып, ойынға, тысқа асығатын, Мәлік теуіп, доп ойнап, енді бірде асық атып. Азаннан ымыртқа дейін, артымнан іздеп әпкем, Зорға үйге кіргізетін кездер еді ғой, әттең.
Өзіңде жоқ, өзгеде бар көбейді қызықтар легі, Денди, велосипед және құрастырмалы Лего. Қатарластар біледі, өтірік мақтан қылсақ, Балалық шақтан бір сәт...