Қыз атаулы қылған ерлік, қайсарлық, ержүректік, Бар әлемге рух беріп еріксізде елжіретті. Ару боп көрінеді киінсе де ерсі етіп, Батыр қыздар үстіндегі сұр шинель мен керзі етік. Төл тілімді шындықты тура жеткізер құрал ғып, Әңгімені сөз етемін айтуға тұрарлық. Жастайынан жетім қалған қазақтың батыр қыздары, Мәншүк және Әлия еске алып жатырмыз бәрін. Бірі мерген, бірі мықты асынып ап пулеметын, Осыдан ал жеңіске үміттің қайдан сөнер оты. Ақтық демі қалғанша жауға қарсы оқ жаудырып, Ел деп соққан жүрекпен болашаққа болжау қылып. Ерлікпенен қаза тапты ұрпағына үлгі болып, Көзге жиылады жас елестетсең сол күнді толық. Автоматқа айырбастап алтын жүзік пен жақұтты, Отаным деп ұмтылған қыздары бар ел бақытты.