Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Тарлан - Жеңіс күні | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

1. Мәңгілік алау өшіп, тұрмасын алаң қаңырайып,
Келеді міне ұлы күн, келеді міне мамыр айы.
Бейбітшілік сезініп жүргеніміз жер үстінде,
Ардагерлер арқасы жеткізген осы жеңіс күнге.
Деп жатса екен шіркін әр қазақ елі азаматы,
Отанын қорғаған ғана шын мәнінде таза батыр.
Еске ал ендігі, достым, көргін баба жетістігін,
Ел аңсаған ұлы күн құтты болсын Жеңіс күні!
Отан үшін от кешкен ер ерлігін елемес кім,
Елемеген ел әсте есте болсын ел емес бұл.
Сондықтан да қадірле, қошемет қыл, құрметтегін,
Сонда ғана бабалардың батырлығы құр кетпеді.
Соны сезінсе шіркін әр қазақ елі азаматы,
Асылы, кем бола қоймас өзге елден қазақ аты.
Жаудан аман алып қалған атамекен кеңістігін,
Бабаларға мың алғыс, құтты болсын Жеңіс күні!
Қайырмасы:
Бұл күнді ел мейрамдап асыр сап ұлықтайды,
Бабалар батырлығын жас ұрпақ ұмытпайды!
2. Кейінгі қатар емеспін, тәуір адам кейпі менде,
Өйткені мен және сен туылғанбыз бейбіт елде.
Шүкір бүгін дейді пенде, көзбен көрген соғыс өртін,
Беті аулақ, тек оралмасын ешқашанда долы сол күн.
Ардагерлер өңі солғын еске алып жас күндерін,
Өзің ойла қалар ма едің өз еліңе қас кіргенін.
Жаудың суық оғынан басым боп туған жер ыстығы,
Бейбітшілік әкелген жасасын мәңгі Жеңіс күні!
Елге қауіп төнді деген көншітпеді жайт оларды,
От оранған даладан санаулысы қайта оралды.
Ендігі, ардақтау парыз, салмас бізді әуреге,
Аспан ашық, елің тыныш, осы күнге тәубе де.
Кім біледі қолданыста болса қазір неміс тілі,
Отаршылдық көзін жойған құтты болсын Жеңіс күні!
Қайырмасы:
Бұл күнді ел мейрамдап асыр сап ұлықтайды,
Бабалар батырлығын жас ұрпақ ұмытпайды!


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
    Нет видео
    -