Күнде x16 Базарлығыңа бүгінде қол сұғады шеттен жат қол Қазақтығыңды жойып мәңгүрт болып кетпе сақ бол //құлақ астың дарасын,Бұл XXI ғасыр Ашшы ақиқат күлдіртпес,мұңайтпаса.Кім айтады нағыз қазақстың ұлы айтпаса?
Қараңғы бет,түнек,көлеңке Күннен-күнге күнсіз әлемді көр ерте Қанша қанішер бар,сұрамас жайңды ол Қорғануға әр тұста тартысқа дайн бол Бірі қару алған,тірі қалу арман Бүгін адам атаулы қауіпті жануардан Дейді даму алға,бірақ кері қадам Болғаны не керім адам,толған пері,надан Ақыл білем өзіндік пікір жасқа керегі Ақылы жоқтар әркімнің дегенініе ереді Мектеп,оқуды қойып салынады жаман іске Шала піскен санамен бояп ертеңін қара түске Пара - көргелі өміріне жаңа әсер етіп Пара - шешетін енді сенің қайбір мәселеңді Онсызда бәсең елді тежеп келетін құрал бұл Парақор,қалталылардан билігіміз құралды Іштарлық,дұшпандық,ор қазу,құрық салу Бүгін сенің дәрежең-мойныңда бар мүлік саны Өмір сүру қиындап,сезім айналды тиынға Қулық істесең баййсың,әйтпесе не бар миыңда Кедейлік кейде жаман,кездейсоқ, күтпей ұрған Сотқарлық салдары содан шығатын тұтқиылдан Жасаған қылығы үшін тартылат қаншасы сотқа Бірақ,түрмеде отырған жарлы топ,ақшасы жоқтар Мән беріп тыңда,ақиқат толы әуенді Көзі ашық жандарға түсінікті кім жау енді Наша құртып жатса бүгінгі біздің сау елді Адамзат азат емес өйткені ақшаға тәуелді Білмейді,мейлі дейді,түсінгенің жөн қатеңді Айналаңдағының бәрі алаяқ /тектес / Мәселе қайда жатыр,тыңда,таңданба мұнда Сені алдаған да емес,сенің алдаңғаныңда Қайда азамат жандар өнер үшін сай асатын Қанша өнерлі қауым жүр өнерін зая сатып Жатса қолдау көрсетіп,демеу беріп,/бай асаба/ Әлде өнер сүймеу,бұл да біреудің саясаты Тек сауатсыз сорлылар,шын өнерді қор қылар Билектен надан көпте, осы жайттан орны бар Әділет орнатам,-деп,батыл болсаң түс араға Басқа бәле тілеме айналасың нысанаға Тең жүрсең тоқ жүресің,самарқау топқа ілесіп Қоғамға қалайда бір тисе болар үлесің Заман неге жаман? түсінбеймін киелімді Қатал болу оңай да,қиын болу мейірімді Бағыңа бір зат жасадық, бәрібір де аз саған Бұны саған үйреткен бүгінгі осы тас заман Кекетіп,кеміткенге қайбір қыңыр шыдасын Бауырым, біл де тұр, бұл - XXI ғасыр Ғаламтор дәуірі дейді,болмайды көмек онсыз Мүмкін емес жүру бүгіні ұялы телефонсыз Күн ыстықта желдеткішсіз мүмкін емес мүлде тіпті Ауадай қажет заттар көп-газ бен судай, күнделікті Сұраныстан ұсыныстар,қанша осы /өткелеңде/ Бұның бәрі саяды,мүмкін емес зат жоқ дегенге Уақыттың талабымен шексіз ғалымдар қиялып Пайдасын тек асып түспесе болар зияны Қанша жиын өткізуде, қабылдауда қаулыны Неге ескерілмейді адамзаттың саулығы Ауа бүлінді мүлде,өсімдік айналды күлге Осы жайттар әлі күнге жалғасып жатқаны күнде Қайбір туындының да көшірмесі сомдалар Қайғы түбі бұл химиялық бомбалар Мұндай алпауыт күштен мүмкін бе қалу аман Бірақ мұның бәрінен ең мықтыі қару адам Пенде санасын улап,миларына у сепкен Теледидар арқылы жақсы таралар өсектер Арналарда мұнай үшін бітпейтін соғыс алаңы Жұрт не көрсе көк жәшіктен әттең соны салады Мұндағы ақпараттар ажыратпас ақ-қараны Тек әр жанды шатастыру қызметін атқарады Сен оны іштей білесің, білмегенге жалпы кеңес Сырты жылтыр нәрсенің бәрі бірдей алтын емес Қойсым ба салтыңа бес-дәстүр ұмытылған Қазақ үні тынған, ойлан кім ұтылған Қайда ірі тұлға, ақыл айтқыш қариялар Күннен-күнге жалған мықты өз-өзін жариялар Әртістер-нашақорлар,еліктейді балақайда Тек дұрысыңды тұтып жатса ғана алақайла Түсті талапайға қазақстың қазынасы Ұрпаққа қалатыны бабалардың базынасы Бүгінде мәні жоқ,жеңіл сөз айтқан қолайлы Содан болар дарынсыз,далбаса топтар қолдайды Кеуделерін ұрады,жырларында мықтымын деп Содан атақ болса болды,арманы сол,бітті міндет Атақ үшін мазақ болып,баз біреудің жалап артын Топқа жастар өздерінше жинайды кеп жаңа хақын Ақша берсе жағар әркім,шын өнерді бағалар кім Бұзақыны бейнелейді түрі қорқыл бала қалпы Қара әуен десе біл,көше мен дала салты Көбі шыққан биігін жатады ала /сатрып/ Өзге жұрттың баласы артып,бірін-бірі қас көрмейтін Бір ұлттың баласы болып,бауырындай қастерлейтін Боқмұрындар қаншама үлкен сөзін елемес Іштен шыққан сатқындар бораттардан кем емес Айтар әні ерегес,құс құсаған қолы құман Тіл барлар ділмар болмақ,келмейтін Тарлан тобығына Міне күллі әлемде күнде болып жатқан жағдай Күннен-күнге жаман толасты,әрбір атқан таңды-ай Көр енді батпан қандай,не бітпегенді жер беті Бұл жүз жолдан құралған бүгінгі таңның келбеті
-Ойлан,сенің қоғамға септіңді тигізер халің бар! Айтпаса сөздің атасы өледі!