Өрісі тар өспірімдер жетілмеген өсіп, Неге қағады төсін, аузына келгенін бөсіп. Көбі, қашады өңі ләм деуге қарсы оларға, Ал Тарлан бұларды орнына қояр қансонарда.
1.Сенің шағымдарың айтылды да босқа қалды, Мен отырмын сіміріп қымыз толы тостағанды. Қазақтың гангстерлері не деп жатыр күңкілдеп, Түрлерін көремін де зорға отырам күлкім кеп.
Мағына жоқ құр сөздер қазақ тілінің күші қайда, Жазған мәтіндерің жетпейді тіпті үш ұпайға. Сен секілді топастарға бөліп айтам буынға, Садақтың оғы жетпес жерге, қылышыңды суырма.
Менің жырларым жанды жұрт жадында бақи тапты, Өйткені дарындылар жырлайды нағыз ақиқатты. Ал сенікі боғауыз, бекерге тек балағат ән, Қазақты мазақ қылу таяз оймен балаға тән.
Міне күнің де жетті үнің өшіп жар соғарға, Сазайыңды тарттырар сәт туады қансонарда. Қай уақытта да менің бейбіт пен бірлік тілегім, Бірақ бүгін сендерді орнымен дүрліктіремін.
Қайырмасы: Өрісі тар өспірімдер жетілмеген өсіп, Неге қағады төсін, аузына келгенін бөсіп. Көбі, қашады өңі ләм деуге қарсы оларға, Ол жемтіктердің тағдыры шешіледі қансонарда...
2.Күт, қапа боласың жапа шегіп тапа-тал түсте, Қыс қансонарда мезгіл болатын қар түскен. Қар боялар қан түспен, аңдып келем ізге түсіп, Енді бейшаралардың белгілі болар бізбен ісі.
Көрмегеніңді көрсетіп, орындарыңа қоямын, Мен нысанаға алатын, ал сен болсаң орман қояны. Енді көр оянып, бұл түсің сенің қорқынышты, Құтылмайсыңдар қашып сендерге енді жоқ тыныштық.
Көзіңе жиылды жас, күмәнді енді өкірмесің, Анаң айтқан мен атаңмын алатын сәби көтін кесіп. Айналаңды байқап жүр, ымырт басып күн батқанда, Мүмкін емес жай табу маған қарсы үн қатқанда.
Мені қинамайды маған айтқан шатақ әнің, Шок тілі үшін орынды жеді шапалағын. Сол секілді жаунеме, білесің туды дау неге, Кешірім сұрап түскенің дұрыс болар тәубеңе.
Қайырмасы: Өрісі тар өспірімдер жетілмеген өсіп, Неге қағады төсін, аузына келгенін бөсіп. Көбі, қашады өңі ләм деуге қарсы оларға, Ол жемтіктердің тағдыры шешіледі қансонарда...