1.Айтып жатқан сөздерінде жоқ не ұйқас, не мағына, Небір атақ үшін тек тілмен сүйенгендер жағына. Қас қылғандай дарынсыздар көп жарылып жатқан ағынан, Осындайда айта алмаса да Тиматиды сағынам. Дәл тигізген болсам егерде, жөнсіз қобалжытып дәл сені, Қаперіңде ұста және де ұмытпағын бір нәрсені. Ойланып көргін кек пе, Тарлан тектен-текке оқ атпас, Сен секілді иттерді лезде құрту керек қ................ Сен әзірге сәбисің түспей қойған Ана қойнынан, Қоянның мойны үзілді дейді жолбарыстың ойнынан. Сен секілді құр лепірмейді, жыр етеді жоғын жұрт, Балақай, саған ақылым бұл мұрныңның боғын сүрт. Кім сені ренжітті, бұнда неліктен жүрсің екен-ау дау іздеп, Кім саған рұқсат берді екен жырлауға қисық ауызбен. Сенің сапасыз әніңе аз болар алар ақшаң, Сенікі не науам бұл, сенікі інім, балабақша. Менікі рэп емес бұл, рэп дегенің білгін АҚШ-та, Менікі қазақтың жыры, таза қазақы нақышта. Сондықтан сөздерім жақпаса егер бостан-бос азаптанба, Тарланның туындылары тек нағыз қазақтарға.
Қайырмасы: Тарланға тамсанып, жаксылап қарсы алың, Хипхоп деген қорада көбейіпті мал саны. Жырлары құрмет түгіл түкке де жарымайды, Неге екен маңырайды, маңырайды, маңырайды...
2.Сендердің шумақтарың жетілмеген шикі сәл піскен, Менің сөздерім нақ өйткені қышыған жерден дәл түскен. Қандай мақсатпен жүрсіңдер бұнда, не кәсіп бұл, әртістер, Задында шайқы, сайқымазақтар адасып жүрген талтүсте. Қызығы сол, түрлерін көр, азулы қызыл қан тістер, Әй, қатырдыңдар, осындай болады екен ғой гангстер. Жүзге жуық болсаң да, отарыңа ұнар соңғы фильм, Сендердің шопандарың Келіндегі бала зоофил. Орныңды білмей сорлылар, қазасыңдар ор маған, Оңбаған Борат сендерге қарап қазақтың рөлін сомдаған. Басыңды қасып асып-сасып менен сөз күттің отар, Бірақ та сенің санаң төмен сондықтан сөздікті қопар. Сені тыңдаймын деп жігіт емес, жеңілтек нәзік қыз өсер, Өйткені сенің жырыңнан менің бір сөзім мықты жүз есе. Сенікі не тірлік, ісің өнбейді, қайтесің босқа бейнет кешіп, Келмеген екен қолыңнан, бәрін таста да зейнетке шық.
Қайырмасы: Тарланға тамсанып, жаксылап қарсы алың, Хипхоп деген қорада көбейіпті мал саны. Жырлары құрмет түгіл түкке де жарымайды, Неге екен маңырайды, маңырайды, маңырайды...
3.Ересектер жиылған секта, міндеті бұлардың өрбіту өсекті, Қылықтарына тіпті бермей есепті, көрсеткені сол үкі таққан есекті. Білесің бе сен, білмейсің бе сен, бірақ қателесесің күлмейсің десең, Түрлері қорқау, дегенмен де жол тауып, Қораз секілденіп секіреді он тауық. Бұл не деген қауіп