Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Тарлан - Сөз соңы | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

Тарлан - Сөз соңы
Айтпаса сөздің атасы өледі...

Finally, мінекей достым cөз соңы,
Таңға дейін қажып, әрі, монитор көз сорып
Бұл енді өз сорым, дегенмен мен жарғанатпын,
Ақиқат айтылу тиіс бұзып шепті жалған атты.

Қаншалық жанға батты, бұны енді сен сынайтын,
сенің сезімталдығың барып тұрған сенсор айқын.
Бәлкім мендік ойлар ұшқыр, күшті,
Ұйқастарым мүшкіл емес, ұйқастарым үш Д.

Білемін осы жаста бұл әуестік іс емес,
Ұялы телефон жады мәтін толы смс.
Жыр жазарда мән қосуға негізделемін,
бүгінгі таңда бұл көпшілікке семіз диллема.

Кездейсоқ соққы емес бұл жауыздарға,
Тек тілім тірі кезде,
Айтып қалар ауыз барда
Зерделі эссе,
Қалдырмас пендені ессіз,
Сананы оятар ой толғау мендегі message.

Я, Мінекей қорытынды,
Тыңдағын стерео Тарланнан толық үнді.
Қорғасын балқыды, тіпті құрыш қорытылды,
Қазақ тілін үйренем десең осы жол ұтымды.

әрине сөз бұл, кетсек шіркін сөзден асып,
бірақ рэп айту мақсат емес, менде өзге кәсіп.
қайткенде көңілдің қоламтасын қозғамасын,
шикі сын айтуға өспедің әлі, бозбаласың.

еңбекпен алған үстіңдегі киім тозбағасын,
өмірді көріп, өзгерер әлі көзқарасың.
ал әзірге сендейлерге қазақта сөз бар асыл,
қарға екеш қарға да аппағым дер өз баласын.

Айтпағам сірә сен секілді сайқал әнді,
Бірақ бұл еңбек бір өзіме сай қаланды.
Салмақты жырлар он өлшенген айтар алды,
Тексер ақиқат альбомда қанша рет қайталанды.

Көше әуені бұл көне көшпелі тайпалардың,
Ұзақ мерзімге шықпай шаң басқаны, сайтан алғыр
және қойғаным бар деп білдіргем сыңай тура,
шын айтсам зауқым да жоқ осы күн жыр айтуға.

Рэпке жоласаң сандалбай сорлысың тек
Сондықтан қою қажет болды бұған қолды сілтеп.
Бұдан да бөлек өкініш пенен торығулар,
Айналамдағы жандар болып шықты долы қулар.

содан не керек қалам алып мен қайта оралдым,
көншітпесе де қайта келдім деген жайт оларды.
Кіші Жүз Тарланнан Қансонарда Тыңдағын әр қыс,
Жамагат про, Ди рекордс, Мың да бір алғыс.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
    Нет видео
    -