Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Тарлан тобы - Ауылым-әнім | Текст песни

Сөзі Б. Тәжібаевтікі, әні Е. Хасанғалиевтікі

Қайда жүрсем, туған жерім,
Сен есімнен шығармысың!
Жастық дәурен құрған жерім,
Көз алдымда тұрармысың!

Ғашық едім қыр гүліне,
Қызық-тойым сенде өтеді.
Сенде өткерген бір күніме,
Дүниеде не жетеді!

Сүйем таныс жолдарыңды,
Саған бастап әкелетін.
Сүйем жасыл талдарыңды,
Жанға ләззат әперетін.

Сүйем айна көлдеріңді,
Мөлдіреумен қарайтұғын.
Сүйем белес-белдеріңді,
Таң сәулесі тарайтұғын.

Саған жырдан - сый арнағам,
Қиял құсын қуған жерім.
Туған жерін сүйе алмаған,
Сүйе алар ма туған елін!

Ауылымнан аттанарда,
Алтын аймақ ән салады.
Жол тынымсыз тартқан алға,
Жүрегімді нұр шалады...

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 6
Популярное сейчас
Видео
  • Kazakh dombra Qarakesek Kazakh dombra Qarakesek
    Қазақтың дархан жері мен дара қоңыр үні қандай үйлесім тапқан! Тар заманда тайғақ кешкен тарландар өлеңмен өрнек қалдырған.