«Бақытым бір сен» Тәуекел Муслим 1. Сыйламашы қайғы, жаныма мұң, Сәл көрмесем, аңсап сағынамын. Арналады саған, әнім, асылым Күн төгесің көзіңнен кулсең Бақытыма бастап, күліп есік ашқан Бар шаттығым жаным, бір сен
2. Дидарыңа тоймай күнде сенің Бір ғажайып, Сәулем, күн кешемін Ару едің неткен керім Аяулым бақытымын қасымда жүрсең Осыншалық түсін, махаббаттың күшін Сезіндірген жаным бір сен
Қайырмасы: Айымда сенсің, күнімде сенсің, Көрмедім ғашық боп жанға бұлай. 3 рет Тарқамас құмар, аққудай сыңар Аяулым, асылым, арманым-ай