Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Өтегенова Ақүлбір - Айжан Табаракқызы "Сізге" | Текст песни

Көңілді мынау алаң ғып қойған,
Сертіңіз Сіздің қайда әлгі?
Бақытты деген шағым неліктен,
Бақытсыздығыма айналды.

Өсектер күнде өлтірер мені,
Өкінеді екем, соны ұқтым...
Жанымда жалғыз – жалғыздығым бар,
Одан да бүгін жалықтым...

Айтар сөзімді көзімнен ұғып,
Түсінген сіздей жан бар ма?..
Сағыныш дертін кешпес едім ғой,
Соңыңнан өзім барғанда...

Тұншығып жатқан нәркес сезімді,
Жерлеуге дәтім бармады,
Адасып жүрген ақымақ жүректің,
Сіз едіңіз ғой, арманы...

Келер күндердің үміті үшін бе,
Өткен күндердің барлығы?
Қалай болса да, қалған ғұмырдың,
Сізге қатысты тағдыры...

Сізге...

30.07.15


Өтегенова Ақүлбір еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2