1-куплет: ШYNGYS Менің жүрегім енді мәңгілік түнек қапас, Бақыт құсын өзім жерледім, басқасы қонбас. Түсінбедім қадірін шынайы махаббатың, Жұмағымды сатып болдым тұтқыны тозақтың. Сен енді алыстасың, өзгенің бағысың, Сүйікті жар немесе бақытты анасың. Ал мен әр таңымды өкінішпен атқызып, Сені жоқтап күйінішпен күнімді батқызып. Жіберші мені, уақыт келді сені ұмытар, Тарихымды өртеп жаңа өмірді бастар. Жолым болып мүмкін жаңа махаббат табылар, Сені сүйгендей сүйетініме күмәнім бар.
Қайырмасы Жіберші мені жіберші, Махаббатымды қайтар. Сенің кербез келбетіңді, Уақыт келді ұмытар.
Жібер мені жібер бер бер бееер Жібер мені жібер бер бер бееер Жібер мені жібер бер бер бееер Жібер мені жібер бер бер бееер
2-куплет: Smitty Әбден елестетіп едім қасымда болғаныңды, Менімен бірге сенің күрсініп қуанғаныңды. Жұбайым деп болашақ жар салдым мен әлемге, Бәлкім соқыр болдым қатты беріліп жалған сезімге. Сеніменен аз болсамда жарты өмірім өткен сияқты, Осы өлеңді жазып жаным еске аламын өткен шақты. Недеп сөз бердің маған, бірақ сөзің болды жалған, Бақ құсымсың сен менің бақытымды ұрлаған. Әкесінің ерке қызы сезімді бағаламайтын, Ойнайтын, күлетін, ақырында жалығатын. Кешірмеймін ешқашанда махаббатты саттың сен, Неге үміт сыйладың егер мені сүймесең.
Қайырмасы Жіберші мені жіберші, Махаббатымды қайтар. Сенің кербез келбетіңді, Уақыт келді ұмытар.
Жібер мені жібер бер бер бееер Жібер мені жібер бер бер бееер Жібер мені жібер бер бер бееер Жібер мені жібер бер бер бееер
3-куплет: Maximum Міне тағы бір өлеңді саған арнап жазудамын, Болдың мен үшін сағым, болдың ғой менің арманым. Басқа біреудің бағы, болып соның қасындасың, Менің жүрегім енді, сүймейді сенен басқасын. Екі жаққа кеттік біз, бір-бірімізді түсінбей, Қиындықтарға шыдамай, болашағымызға сенбей. Қанша сүйемін десеңде басқа жігітті тез таптың, Ал мен әлі де сағынып сені ойлап қиналамын. Қанша ұмытқым келседе әлі ұмыта алмаймын, Қашан уақыт келед екен жаңа парақтан бастайтын? Осылай болғаны үшін алтыным, мен өкінемін, Жіберші жүрегімді, жаным сенен өтінемін.