Сенбеймісің, Шынымен сенбеймісің? Құм суырған құйын, я жел деймісің? Күдігіңді бір жолға қоя тұрып, «Тәуекел!»— деп қасыма келмеймісің?! Сенбеймісің, Шынымен сенбеймісің? «Сергелдең жан, сенделген сең»— деймісің? Алақанға қондырып алмаймын ба Тәңірім маған жіберсе сендей құсын?! Сенбеймісің, Шынымен сенбеймісің? Көңілімді көл емес, шөл деймісің? Жақсы көрсең несіне жатырқайсың, Құшағыма қуанып енбеймісің?! Авторы: Исраил Сапарбай