Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Терме - Жигиттерге осиет | Текст песни

Жігіттерге өсиет

Жігеттер жаман істі-ай кәсіп етпе,
Досыңды бірге жүрген басып өтпе.
Басыңа әлдеқандай іс түскенде,
Дос түгіл дұшпаныңдай қашар шетке.

Жігіттер малмен басын көп демеңіз,
Киім көк, тамағыңдай тоқ демеңіз.
Дәуіттің оты саған бір күн талғам,
Біздерге жай ұйқасай жоқ демеңіз.

Жігіттер жалған дүние-ай бірде қалар
Бір күні ажал келіп жаныңды алар
Жан шығып бұл өмірден кеткеннен соң,
Мал-мүлкің, әйел-балаң бәрі қалар.

Өлімнен құтылмайсың қашсаң дағы,
Әкеңнен арыстандай ассаң дағы
Алладан шыныменен жарлап келсең
Жұлдыз да жерге түсер аспандағы –ай

Кәрі өлсе тұрған дауал ,сынған таяқ
Жас өлсе бәйтерегің сынғандай-ақ
Жігіттер жас күніңде ойнада-күл
Бұл дүние көзді ашып жұмғандай-ақ


Терме еще тексты


Видео
  • Терме Жігіттерге өсиет Терме Жігіттерге өсиет
    "Жоқ іздеп жүрмін" (клип)- Арман Бердалин. Қазақша терме - Duration: 12:54. by Асылбек Тулепов ... "Жігіттерге Өсиет ...
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 4