1).
Әкем жоқ деп ешқашан бас ұрмаймын,
Әкем жоқ деп беталды қаңғырмаймын.
Алла жазды қайтейін шүкіршілік,
Алдымда анам отыр алтындайын.
Алдымда анам отыр алтындайын.
Әкем жоқ деп анамды қинамаймын,
Әкем жоқ деп бұзақылық жасамаймын.
Әкенің жоқтығын пайдаланып,
Аға-әпке, бауыр бетін тырнамаймын.
Қ-сы:
СубхәнАллаһ, субхәнАллаһ,
СубхәнАллаһи уәлхамдулилләһ.
СубхәнАллаһ, субхәнАллаһ,
СубхәнАллаһи уәлхамдулилләһ.
2).
Әкем жоқ деп өзімнен жоғалмаймын,
Әкесі бар баланы қызғанбаймын.
Шүкір етем, шүкіршілік Аллаға,
Алдымда анам отыр патшадайын.
Әкем жоқ деп кісі жібін аттамаймын,
Әкем жоқ, көмектес деп жалынбаймын.
Айта берем шүкіршілік Аллаға,
Алдымда анам отыр наурыздайын.
Қ-сы:
СубхәнАллаһ, субхәнАллаһ,
СубхәнАллаһи уәлхамдулилләһ.
СубхәнАллаһ, субхәнАллаһ,
СубхәнАллаһи уәлхамдулилләһ.
Адамзат өсіп тұрған бір терек,
Суармаса мезгілінен ерте өлед.
Сол секілді бауырым,
Адамға қор болмастың қамы керек.
Адамға қор болмастың қамы керек,
Қиындықтан шығар жол табу керек.
Суаруды ұмытпа сен өзіңді,
Анауым, мынауым жоқ екен деп.
Қ-сы:
СубхәнАллаһ, субхәнАллаһ,
СубхәнАллаһи уәлхамдулилләһ.
СубхәнАллаһ, субхәнАллаһ,
СубхәнАллаһи уәлхамдулилләһ. (2x)
Аллаһумма Роббәнәғфирли уәли уәли дәййә, уәлил му'мининә йәумә йәқумул хисәб.
Аллаһу Әкбар. Әмин...
Әні мен сөзі: Төкешов Исламбек Құдайбергенұлы.
Төкешов Исламбек Құдайбергенұлы еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1