Ендеше сылдыр үзбе, сылдыр үзбе,
Қасыңа біз келгенде білдіңіз бе.
Тұсына аулыңның келіп қалдық,
Етесіз қандай сыйды енді бізге?
Ендеше қу ырғайлы, қу ырғайлы,
Қу ырғай отқа салсаң, дуылдайды.
Мен сізді көргенім жоқ, естуім бар,
Сыртыңнан көрген жандар шуылдайды.
Ендеше қара атымды, қара атымды,
Жаямын сізге қарай қанатымды.
Албанда алты болыс араладым,
Таппадым сізден өзге жаратымды.
Тілеулес Құрманғалиев еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1