1. көгілдір жаққа қанатын қаққан тырналар, Жазира жаздан жеткізер қашан бір хабар, Маңдайы жіпсіп мамырлап жатқан таулардан Бауырын жазып бұлқынар қашан жылғалар.
Аа-аа-аа Жолдарың болсын жанары моншақ жыл кұсым, Жүректен шыққан жырымның адал құрбысы, Жусанды жазды тезірек алып жетіңдер, Жат елдің егер жайсыздау болса тынысы.
2 Көгілдір жақтан еседі сыршыл бір екпін, Пернесін басып күмбірлеп тұрған жүректің, Алатауыма алқынып жетер ақ қанат, Алақаныма келеді сені түнеткім.
Аа-аа-аа
Ұшыңдар самғап шуақты шым-шым шақ өткен, Сендердей болар атамекенін ән еткен, Айшылық жерге аттандырып- ақ салар ем, Қанатым талмай, қанатым менің жоқ әттең