Келші, келші, бермен келші, құдаша, Бір сөз айтам көңіліңе ұнаса. «Кетші әрі» деп ұрса ма деп зәрем жоқ, Не де болса шығып кетші оңаша.
Дедім-дағы қысып қалдым көзімді, Жерге тастап кете ме деп сөзімді, Елжіреген жас жүректе зәре жоқ, Сабыр ет деп тоқтатамын өзімді.
Орда – Бәрінен де сен сұлу Жаз күніндей жайнаған Масатыдай жер сұлу. Аққу, қаздар тойлаған Айдын шалқар көл сұлу.
Қайырмасы: Өзгеден де ең сұлу, Өмірлік дос тең сұлу. Өзім сүйіп ұнатқан, Бәрінен де сен сұлу сен сұлу.
Нұрын төккен қырмызы Аспандағы күн сұлу. Жымың қаққан жұлдызы Айлы кешті түн сұлу.
Қайырмасы: Өзгеден де ең сұлу, Өмірлік дос тең сұлу. Өзім сүйіп ұнатқан, Бәрінен де сен сұлу сен сұлу.
Тәрбиелі тамаша, Бал мінезді жар сұлу. Таңданарлық қараса, Талай абзал бар сұлу.
Қызыл Кеклі келте боз бала шашы майда Іздемеген жігітке қыздар қайда Оймақ ауыз күлімкөз құралай қас Кездесер ме өзіңмен осындайда Қ-сы Қызылқұмда ауылым Қыз бозбала сауығым Өзіңменен ойнамай Басылмайды сауығым-дауылым Қызға жігіт құмар-ай қыздар мойның бұрады-ай Сезіп қойса шешесі сарт еткізіп ұрады-ай
Қыздарда да қыздар бар мінезі ашық Ашық қызға болады-ау әркім ғашық Байқаусызда шешесі біліп қалса Ұялғансып қалады-ау бетин басып Қ-сы 3 куплет Жас ағашқа кәрі ағаш сүйеу болған Біздің елге Талғабай күйеу болған Қыздарменен қаспаққа таласам деп Шапкесінің төбесі күйе болған