Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Токтар Серік - Жылжиды аққу | Текст песни

Жылжиды аққу айдында, жылжымайды.
Мұңаяды, ол неге тұнжырайды,
Сыңсып салған әніне тебіреніп
Қамыс басы қамығып, сұлжылайды.
Сұлжылайды, тұнжырайды,
Жылжиды аққу айдында, жылжымайды.

Қалқиды аққу айдында, қалқымайды.
Баяғыдай бой жазып шалқымайды,
Сыңарынан айырылып қалған куні
Бүл өмірдің қызығы жартылайды.
Жартылайды, шылқымайды,
Қалқиды аққу айдында, қалқымайды.

Сырғиды аққу айдында, сырғымайды.
Жақын барып, қал жайын кім сұрайды,
Қатар жүрген күндерді силайықшы
Біреу ертен, біреу кеш бір құлайды.
Бір құлайды, кім сұрайды,
Сырғиды аққу айдында, сырғымайды.

Токтар Серік еще тексты


Другие названия этого текста
  • Тоқтар Серік - Жылжиды аққу (0)
  • Токтар Серік - Жылжиды аққу (0)
  • Токтар Серіков - Жылжиды аққу (0)
  • НКА - ЖЫЛАЙДЫ (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-