Жаным, саған сыр ақтарамын,
Ақ арманым сен едің-ай.
Сағым күндер ұзап барады,
Сағындырдың неге бұлай?!
Қоштасуды жаның қаламай,
Қимай-қимай бір қарадың.
Қиналсаң да кеттің қарамай,
Жүрегімді тыңдамадың.
Айтқаныма жүрек көнбейді,
«Бар бақытым - жалғыз сен»,- дейді.
Қолым жетпес арман бол, мейлі,
Үміт оты мәңгі сөнбейді.
Еркелейсің түсіме енгенде,
Елесіңмен тілдесемін.
Сені, жаным, түсінем мен де,
Мен де, жаным мұң кешемін.
Ғажабыңды өлең етермін,
Әнім болдың жүрегімде.
Ажарыңды көрер ме екенмін,
Аңсауменен жүремін бе?!
Тореғали Тореәли еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1