Төпеп тұрған нөсерге қарамай-ақ, Бір қыз кетіп бара жатыр жалаң аяқ. Жалтыраған әп-әдемі тобылайын, Кім біледі, жауыннан барады аяп. Еске түсіп кеткеніі ме бала кезің? Елең қылмай ешкімді де барады өзі, Жалаң аяқ жүргеніндей дала кезіп, Еркін ұстап барады өзін.
Қайырмасы:
Фию пье ну зи тоң Жастық шағымдай ғайып боп Жө вөз әли дөмөм Кеудемде жандырып от
Фию пье ну зи тоң Жастық шағымдай ғайып боп Жө вөз әли дөмөм Кеудемде жандырып от Кеудемде жандырып от
Шыт көйлегі жабысқанда кеудесіне. Қарамасқа, қоймайды көрмесіңе. Жалаң аяқты сиқырға қарап тұрып, Жалаң аяқ жастығым да келді есіме! Қара да тұршы, қайтесің, қара да тұр, Бұлаң еткен бұл сурет те қалады ақыр. Жалаң аяқ… Балтыры жалт-жұлт етіп, Ғайып болып жастық бара жатыр.