Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Торегали Тореали [www.kazmusic.ru] - Отанды сую иманнан (жана нуска) [www.kazmusic.ru] | Текст песни

Аманат қылған бабасы, ардақтап өткен анасы,
Нәсіп қып берген Жаратқан ааййй– қазақтың байтақ даласы.
Шырайлы қала Шымкент, Түркістан - рухтың қаласы
Таразым менің тарихым, аййй Қызылорда - Алаш анасы.
Талдықорғанның білгенге, бағзыдан бөлек бағасы.
Алматы алтын шаһарым, қаланың нағыз дарасы.
Оңтүстік міне осындай,аайй қызығып бәрің қарашы!

Сөзімді әрі жалғайын, үзінді айтып жырымнан,
Қызылжар дейтін мекен бар,ааайй Мағжандай ақын туылған.
Қостанай астық өндіріп, жұдырық болып жұмылған.
Асқақтап тұрған Кереку, қырандай түспес тұғырдан,
Сексен көл аққан Көкшетау, сұлудай сексен құбылған.
Солтүстігімнің жерінде-аййй, құт-береке бар бұрыннан,
Құт-береке бар бұрыннан.

Қазаққа құтты төр болған – Өскеменімнің өңірі
Ұлы Абай туған Семейдің аайй, еліме бөлек орыны.
Халыққы жылу сыйлаған, Қарағандымның көмірі,
Жезқазған кенді аймағым, Сәтбаев болған серігі.
Арқаның бесік даласы – тербеген сал мен серіні,
Сарыарқа қандай кең болса-ай, қазақтың сондай көңілі!

Атырау алып шаһарым, кем емес ешбір шетелден,
Қонақжай елді табасың-аййй, Ақтөбе дейтін мекеннен.
Оралда жырау, ақын көп, аумайтын сөзі шекерден.
Маңғыстауымда батыр көп, жасқанып тұрмас бөтеннен.
Мұнайды берген батысқа, Құдайға тәубе етем мен.
Батысым менің осындай-аййй, намысын тудай көтерген, намысын тудай көтерген!

Қолдаушы жалғыз Аллам бар, тәуелсіздігім, тәубәм бар,
Біз «Қазақ» дейтін ел едік,аайй Аллаға ғана иланған.
Тәуелсіздікті алғалы, басыма бағым жангалы,
Қазаққа қазақ би болған,аайй Астана бізге сый болған.
Желбіреп тұрған көк тудың, астына елім жиналған,
Елім деп жырды төккенде, ерінбей ешбір қиналма.
Жасай бер, жаса қазағым, күн сайын кірсін ажарың!
Қазақстанды сүйіңдер, Отанды сүю – Иманнан,
Отанды сүю - Иманнан, Отанды сүю - Иманнан!!!

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-