Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Торегали Тореали - Егіздін сынары | Текст песни

Бір қараған жанарыңның өзі неге тең,
Күн нұрындай төгіледі екен.
Сыңарына ғашық болсаң егіз қыздардың
Біреуі артық көрінеді екен.

Елігім-ау егізіңмен теңесең мені,
Жүрегіңнің төріне жетем.
Бірге туып, бірге жүрген сендер түгілі,
Қара тас та бөлінеді екен.

Екеу боп келген бес күнге,
Егіздің сыңары.
Ұқсамайсың-ау ешкімге,
Егіздің сыңары.

Сен болмасаң уық сынып, кереге құлар,
Арамыздың шегелері бар.
Қосылмаған Қозы-Баян, Жібек-Төлеген,
Ешкім емес өнеге қылар.

Бұл әлемде әр Қозының өз Баяны бар,
Әр Жібектің Төлегені бар.
Саған менсіз, маған сенсіз өмір жоқ жаным,
Басқа сөздің не керегі бар?!

Другие названия этого текста
  • Торегали Тореали - Егіздін сынары (0)
  • Торегали Тореали - Егіздін сынары (2014) [www.ori-kuan.kz] (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-