Бәрi де артта қалды ма, Жаным-ау бағың жанды ма? Сағыныш болып күн сайын, Келесiң көздiң алдына. Екi жаққа екеумiз, Кетермiз ендi не етермiз. Бақытқа бәлкiм жетермiз, Өкiнiп мүмкiн өтермiз.
Айналған бұлдыр елеске, Бiздiң махаббат емес пе, Сезiмнiң сұлу сырларын, Сақта мәңгi сен есте.
қайырмасы:
Есте сақта бiр жүрген бақтарды, Есте сақта сол ғажап шақтарды, Есте сақта екеумiз көз iлмей, Армандап қарсы алатын ақ таңды. Есте сақта мен жазған хаттарды, Есте сақта мен салған тәттi әндi Ендi сенi сол ғана тербейдi Өзгесi оралып келмейдi.
2. Бола алмасаң да жан жарым, Сен жүрегiңе алма мұң Кешегi келмес күндердi, Есiңе сақтап қал жаным.
Орала алмайсың бiлем мен, Бақытың өзге бiреумен. Сонда да өмiр сүрем мен Өзiңе бақыт тiлеумен.
Айналған бұлдыр елеске, Бiздiң махаббат емес пе, Сезiмнiң сұлу сырларын, Сақта мәңгi сен есте