«Ақ жүзіңде жылу бар» деп, Дейді арулар – бері қара. Мені ұнатқан сұлулар көп, Ал мен сүйем сені ғана. От болып күйгенімен, Соншама сүйгенімен, Болса да ғашық кім мейлі , Жүрекке әмір жүрмейді. Күндей нәзік сыр ұғар кім, Тағдырынан қыз баланың. Мен өзіңді тірі жанның , Барлығынан қызғанамын. От болып күйгенімен , Өзге жан сүйгенімен. Жүрекке әмір жүрмейді, Тек сен деп жаным гүлдейді! Түсіресің жиі еңсені, Сынағандай шартыңменен. Еркем, бірақ сүйем сені, Дәл осындай қалпыңменен.
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1