Доғарамын бұл сезімді шарқ ұрған, Жоғаламын арнап саған сан түрлі ән. О, Маралым, келінісің басқа үйдің, Орамалың дәлел оған тартылған. Жүзігің алтыннан.
Жүзіммен бал тұнған, Қызумен шарқ ұрған. Алтыным, Бармаймын іздеп артыңнан.
Жоламадын, жүрдің менен жырақта, Жоқ амалым, шыдау керек сынаққа. Бола аламын менде өзгемен бақытты, Оған арым жібермейді бірақта. Сен маған кінә артпа.
Кеттіңбе жыраққа, Жеттіңбе мұратқа? Алтыным, Тек үнің қалды құлақта.
Ораламын десең егер сәріде, Жоға, жаным, құшақ ашық әліде. Үйленді деп сенде мені сөкпессің, Сүйген жүрек кешірімді бәріне. Бәріне, бәріне.
Қосамын әніме, Тосамын әліде, Алтыным, Өмірдің сенсіз мәні не? - ЕРШАТ ҚАЙБОЛДИН