Жанарымнан жұмып кейде нұр сіңген Кездескенде арман атты тылсыммен Ту сыртымнан үп еткенде самал жел Елеңдеймін сен шығар деп күрсінген Ту сыртымнан үп еткенде самал жел Елеңдеймін сен шығар деп күрсінген
Ғашықтардың басындағы хал бөлек Ғашықтарды әлдилейтін ән керек Жаңбыр жауса тырсылынан оянам Іздеп келіп есік қаққан сен бе деп Жаңбыр жауса тырсылынан оянам Іздеп келіп есік қаққан сен бе деп
Бермесе де жүрегіме жыр тыным Айтар ойды-ау айта алмай іркідім Көздеріңді жұмаған сайын үбетін Тым болмаса болмадым ба кірпігің Көздеріңді жұмаған сайын үбетін Тым болмаса болмадым ба кірпігің
Тілін тапсаң айтады екен таста мұң Керегі жоқ, керегі жоқ басқаның Алақаның аялайтын тарақтап Тым болмаса, болмадым ба шаштарың
Бұл өмірден қайғы көрмей жүр аман Басқа тілек бұл тағдырдан сұраман Күн астында күмбірлесе күміс су Сенің күлкің естілгендей куанам Күн астында күмбірлесе күміс су
Бұл өмірде бәрі жалған өткінші Аз ғұмырда көп қуанып көп күлші Маған ұқсап аспандағы Ай мен Күн Көздеріңе ғашық болып өтсінші Маған ұқсап аспандағы Ай мен Күн Көздеріңе ғашық болып өтсінші Маған ұқсап аспандағы Ай мен Күн Көздеріңе ғашық болып өтсінші