Бір Құдайдан сұрап алған құлыным Сенсіз мəнсіз бір шумақ-ай жырымның Əкеліктің енді білдім салмағын Менде сендей бір əкенің ұлымын Сені берген Жаратқанға жалынып Теңдесі жоқ бір Құдайдың құлымын
Бұл өмірде көрме балам күрсініп Сеніменен қандай тəтті тіршілік Бір құдайға жаса балам құлшылық Сонда өмір сүргің келеді құлпырып Адалдықтың ең үлкені осында Біле білсең өмірдегі-ай бұл шындық
Сен туғанда азамат боп анадан Мен қуанғам дархан болып даладан Ұлым менің шаңырағымның уығы Мен түгілі мойындайды бар адам Менің дінім, менің тілім сенікі Бар байдығым, қалған мұрам бабадан
Елің, жерің, тілің, дінің шарайна Кір жұқтырып ала көрме жарайма!? Ел көңілін бір қалдырсаң болғаны Хан баласы болсаңдағы қарайма Тағдыр сені қателесең кешірмес Өмір сенің əкең емес абайла
Дүние деп жия көрме Талай
Арың таза болса ақ қардай Дау алмайды, жау алмайды басыңды Қара орманым деп түсінсең халқыңды
Балапаным Сен ер жетіп елге керек болғанша Құдайға құл адамға ұл болып өс Абайлап бас санаулы ғой əр адым