Аты жөнім болады – Төреғали Төреәлі, Жүрегімнің жартысын көрген жоқпын мен әлі. Қыздар маған қосылмай қарайтындай досындай, Үйленбегем негізі, түрім өзі осындай.
Еріндері кеседен Басқа жерге тимеген, Қадірімді білетін Қазақ қызға үйленем.
Қыздар маған сенбейді, сенбеген сон тергейді, Тергеуші қыз алдында ақталғым да келмейді. Мың жүректі сыздатып, мың жүректі мұздатып, Ең соңында сыйлаймын бір жүрекке шын бақыт!
Мың сұлудың қиялы Телефонда ұялы, Әрі кетсе жүрекке Төрт-ақ ару сыйады.