1. Ақ еден көңілі жарқырап, Адалдығымен арқырап, Інім деп құшақ жайғанда, Қабағың неткен жарқын-ақ. Таласып ақ сүт ембей-ақ, Бір үйден өсіп өнбей-ақ, Жанашыр болып кеттік-ау. Бауырым болсың сендей-ақ,
Қ-сы: Менің ағам керемет Мұнан артық не керек Қамқоршымыз болып жүр Нұрын себелеп Жеңешемді сыйлаған Өзі жұртқа сыйлы адам Ағам барда алдымда Неге қиналам(-ын)
2. Асыңды менсіз татпадың, Мен келмей жайлы жатпадың. Іні боп жүрмін атырып, Ағалығыңның ақ таңын. Кіші деп қағып жасқамай, Жаныңнан жүрсің тастамай Еміренесің інім деп Кеңесіңді де бастамай.
Қ-сы:
3. Бір шығып белес белеңге Келемін мінген кемеңде. Босайды-ау жаным елжіреп, Ұл-қызың \"ағау\" - дегенде. Ағамның алтын көшімін, Мәңгіге бауыр досымын. \"Сыйласу үшін екі адам Бір тусын\" - деген бос ұғым.