Менің қызым анасының ақ сүтінен нәр алған Атасы мен ажесінің тәрбиесін көп алған Бүгін міне еркетайым орындалып бар арман Ата анаңа бара жатсын ұзап ата анаңнан Бақыт құсы келіп қонсын берік болсын босағаң Құдай қосқан Дәулетпенен қосағыңмен қосағар Жанасыл ел жан жанжарына жанашыр бол жарқыным Өміріңді көркем етер еркелетер осы адам
Айналайын Айшатайым ақпа сенен аппақ қар Аппақ адал ниетіңмен босағаңды аттап бар Сен өскен жер берекелі бақыт мекен құт мекен Бақытты бол барған жерге береке боп бақ боп бар Жұмағазы құдамыз бар байсалды адам мәрт анық Гүлнардай құдағай жүр он саусақтан бал тамып Осы екеуін акеңдей көр анаңдай көр алтыным Осы әулеттің келіні-ай деп мақтап жүрсін бар халық
Саған арнап ақ жүрекпен ақ батамды ән қылып Анаңда жүр баласына бақыт тілеп мәңгілік Аппақ қызым орнына аппақ келін келеді Тағдыр сені жылатпасын бұл табиғи заңдылық Жақсылыққа толы болсын жаңа өмірің елігім Алақанда аяласын сенімді боп серігің Сұрақ елі айдынынан ұшырады аққуын Құда болған ал КЕТЕЛЕР құтты болсын