Біз барған кеште көл бетін
Мұң тербеп тұрды келбетің
Жанарын жаспен жуып тұр, ой, дүние-ай
Сыңарсыз аққу ең жетім
Қызарып барып батты күн
Тиылды-ау лезде тәтті үнің
Қай жерде қалды шаттығың
Жұбыңды сенің атты кім
Түнде ұшқан жалғыз аққуым
Айналып ұштың айдынды
Жұлдызда мұңды, ай мұңды
Қия алмай ұштың қияға, ой, дүние-ай
Түнекпен бөлсе қайғыңды
Киелі құс ең көнеден
Төнере ұштың төбеден
Көл шертіп қалды көп өлең
Қиын-ау, қиын деп тұрдым
Сыңарсыз қалу не деген
Кімдер дос, саған кім дұшпан
Ай шалқақ, кейде жұлдыз паң
Жүректі қозғап барады, ой дүние-ай
Аққудың даусы түнде ұшқан
Қуаныш қайда көл көсір
Қалмадың шаттық көлде шын
Сол жалғыз аққу тағдырын
Біз екеумізге бермесін
Жалғыздық ешкім көрмесін
Төреғали Төреәлі еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 6