Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Төреғали Төреәлі - Жүрегің қазақ, сенесің бе? | Текст песни

Сөзі: Қанат Мырзахан, әні: Ғазизхан Шекербеков.

Жүрегің қазақ, сенесің бе?

Халқыңның қамы үшін,

Аянба арысым.

Ақ болсын, пәк болсын кіршіксіз намысың.

Себебі, сен қайсар қазақтың

Арысың, жанысың, бағысың, барысың.



Жүрегің қазақ, сенесің бе?

Өткенге үңілме,

Тәубе де бүгінге.

Жақсы атқа, мақсатқа жетесің түбінде.

Баянды бақытың өзіңнің тіліңде,

Үніңде, дініңде, діліңде.



Қайырмасы:

Қаның да қазақ, жаның да қазақ,

Ұлтыңның күресші бағы үшін.

Арында қазақ, жалында қазақ

Бар әлем танысын.



Жүрегің қазақ, сенесің бе?

Бірігіп Ту үшін,

Бөлінбе ру үшін.

Бар қазақ бауырың, әр қазақ туысың.

Сен де бір тірегі ұлтымның

Ұлысың, гүлісің, жырысың, сырысың.



Жүрегің қазақ, сенесің бе?

Қазағым жеріңде,

Бір қарыс шегінбе.

Отаным менің де,

Отаның сенің де.

Қазағым, тек қана сенікі

Жерің де, кенің де, көлің де, шөлің де.



Қайырмасы:

Қаның да қазақ, жаның да қазақ,

Ұлтыңның күресші бағы үшін.

Арында қазақ, жалында қазақ

Бар әлем танысын.

Другие названия этого текста
  • Төреғали Төреәлі - Жүрегің қазақ, сенесің бе? (0)
  • Төреғали Төреәлі - Жүрегің қазақ (0)
  • Төреғали Төреәлі - Жүрегің қазақ (Азиза) (0)
  • ๖ۣۣۜK๖ۣۣۜO๖ۣۣۜN๖ۣۣۜZ๖ۣۣۜH๖ۣۣۜY๖ۣۣۜK๖ۣۣۜ - Жүрегің қазақ, сенесің бе? (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-