Гүлден іздеймін
Көк белде жайнап еш пенде қолмен жұлмаған,
Күннен іздеймін
Көктемде баурап сәулесіменен нұрлаған,
Түннен іздеймін
Көктемде күліп жұлдыздар сырын ұрлаған,
Жырмен іздеймін
Шерткенде мұңын жүрегім жылап тыңдаған.
Қайырмасы:
Іздей беремін, іздеймін сені
Іздей беремін, іздеймін сені
Таңда көрінген
Іздеді сағым менімен жазғы қырды асып,
Талдан төгілген
Күздегі халім жапырақтардай мұң басып,
Қарға көмілген
Мұз ба еді жаным іздейді қыспен сырласып,
Алдағы өмірден
Үзбеймін үміт келер деп көктем гүлді ашып.
Қайырмасы:
Іздей беремін, іздеймін сені
Іздей беремін, іздеймін сені
Төреғали Төреәлі еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2