Ақ арманнан, ақ гүлден Пәк жүректен пәк түннен Жақсылықтан жаратып Ойлап сені таптым мен Самғап әсем әніңмен Жалғап сені жаныммен Махаббатым арқылы Сұлу еттім бәріннен
Қайырмасы: Жанарыма от жағасын Жүрегімде ғанасың Мен өмірден өтсем де Әнім болып қаласың
Сен деп соққан жүрегім Айнымасын білемін Сезім бе деп жанымды Өзіңді ойлап жүремін Сенсіз өмір жай ғана Сені іздеймін қайтадан Сұлу бейнең тұрады Кеудемдегі айнада
қайырмасы: Жанарыма от жағасын Жүрегімде ғанасын Мен өмірден өтсем де Әнім болып қаласың