1. Мен сен, сен сен, Бір жүрекпіз екеуміз. Күнде, түнде, Бірге соғады екенбіз.
Қайырмасы:
Сенбей жүрсің сенбейсің, Келме дейсің кел дейсің. Сертіңді де маған бермейсің. Сенбей жүрсің сенбейсің, Көңіл дертін көрмейсің, Енді қашан жанымды емдейсің?
2. Жанарың толды мұңға, Аққусыз көлден аумайды. Іңкәрлік шығар бұл да, Махаббат мұңсыз болмайды. Құлпырасың гүлдей қырдағы, Жұпарың жанды баурайды. Жүрегімді тыңда-тыңда, Сүйген жүрек алдай алмайды.
Қайырмасы:
3. Қылықтым ерке мінез, Болмайды сендей мүлде ешкім. Өзіңді ертелі-кеш, Ойлаумен ғана күн кештім. Ешкімге бас ұрмайтын, Сенде бар әсем нұр кескін. Сырыңды жасырмайтын, Жанарыңменен тілдестім.
Қайырмасы:
4. Айтылмаған жыр бар, сыр бар, Жүрегімді кім бар тыңдар? Қол ұстасып өтейін бірге, Күтсе де алда мұңдар, сыңдар.