Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Төреғали Төреәлі - Сүйе алмадым | Текст песни

Айналып жүрегіңе кеткен бе едім?
Мені ойлап өтіп жатыр көп күндерің
Жабырқау үнсіз іштей мұңаясың
Жетпей ме азапты күй шектіргенім?

Ұялшақ сезімің де ұяң жаным
Сүйер деп жан дүниеңді жиі алдадың
Жүрекке әмір жүрмейді екен күнім
Жазғыра көрме мені
Жазғыра көрме мені, сүйе алмадым...

Талмассақ жарар еді жолығыспай
Жүздессем назданасың жанып іштей
Түкке есіп төзіміңді сабылтатын
Сендегі маған деген сағыныш қой

Ұялшақ сезімің де ұяң жаным
Сүйер деп жан дүниеңді жиі алдадың
Жүрекке әмір жүрмейді екен күнім
Жазғыра көрме мені
Жазғыра көрме мені, сүйе алмадым...

Үлпілдеп ұлпа қардай үміт арман
Бейкүнә сезіміңнің гүлі тоңған
Дейсің бе ұмыта алман, бірақ кешір
Жарығым жаурап қалсаң жылыта алман

Ұялшақ сезімің де ұяң жаным
Сүйер деп жан дүниеңді жиі алдадың
Жүрекке әмір жүрмейді екен күнім
Жазғыра көрме мені
Жазғыра көрме мені, сүйе алмадым...

Төреғали Төреәлі еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3