Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Төреғали Төреәлі - Түнгі студия - Арнау (2016) | Текст песни

Габана шегіп қойып сигарымен,
Ішеттеп ойламаңдар пиваны мен.
Негізінде адамға ұқсап жүрет,
Жолдас болған жігіттер иманымен.

Мен бүгін үшінші рет жолықтым ау,
Нұрлан Қоянбаевтың диванымен.
Бұл жолы қонақ болып бірге келдім,
Еркедей ерке мінез ибалымен.

Аяулы аруларды құттықтаймын,
8-Наурыз мейрамымен.
Ал жігіттер қыздарға сый жасайық,
Қойдың басын ұйытып, сыйрағымен.

Қанша жерден миллионер болсаңдағы,
Дүние жолдас болмас жиғанымен.
Біз үшін үлкен бақыт кешке келіп,
Халықпен бір жүздесу дидарымен.

Өмірді ұзатады қалжың деген,
Қалжыңсыз тамырыма қан жүрмеген.
Үшінші рет келген соң студияға,
Топ көркін қыздырайық əн-жырменен.
Кеш көркін қыздырайық əн-жырменен.

Нұрланнан құтылмассың қашсаңдағы,
Ай, əкеңнен арыстандай ассаңдағы.
Нұрекеңнен шынымен қоңырау түссе,
Жұлдызда жерге түсер аспандағы.

Бұл жерге Ермахандай батыр келген,
Балғынбек Имашовтай ақын келген.
Өзі ақын, өзі əнші, өзі батыр,
Еркеде бірге келіп жатыр менімен.

Клипте қыз ойнайтын баламенен,
Əніміз хит болдығой \"Алло\" деген.
7 миллион просмотр болсадағы,
Қу дүние артта шіркін қалады екен.

Мықтығой немересі Қоянбайдың,
Дəулеттің ойынына тоя алмаймын.
Бүгін ерте қайтпасам мен үйіме,
Азанда самолетке оянбаймын.

Əз басымды ел жұртқа иілдірген,
Біздерді əдемі қып киіндірген.
Түнгі студия жұртынан айналайын,
Кішкентай өнерімді сүйіп жүрген.

Нұрлан Қоянбаевым шыққан кезде,
Нұрланым жарқырайды үйімбірден.
Дəулеттей бауырымнан айналайын,
Қонақтың қадірімен сыйын білген.

Арнауымды осымен тоқтатайын,
Өлеңім елге ұнамай тиын жүлдем,
Ерке Есмахан жанымау сенде аман бол,
Бір басы, бір қазанға сыйып жүрген.
Қазақтағы миллионер осы қазір,
Пердеден киім тігіп, киіп жүрген.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-