Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Трио "Z" - Телефон | Текст песни

Білім алып жүрген ару шетелдегі
Қылығың бал ма әлде шекер ме еді.
Зуылдаған ұшақпен, жаныңа ай шіркін-ай жетер ме едім
Қайтейін, қасыңа бірақ бара алмаймын,
Бәрібір тіл білмеймін, таба алмаймын.
Сағынышқа ән мен әзіл қосып
Әйтеуір мен амалдаймын

Қайырмасы:
Телефоның кейде кейде
Байланыстан тыс бір жерде.
Жаным, жыл құсындай сен де,
Оралсаңшы туған елге.

Арман қуып басқа елге сапар шектің,
Аңсаймын, алаңдаймын, алыс кеттің.
Ұмытсаң ана тілін, аяулым, ата-анама не деймін мен...
Әзіл бар, сағыныш бар бәрі де бойда
Күтіп жүр дайындалып елің тойға.
Әр нәрсені сылтау етіп ,сәулем,
Шетелде тек қалып қойма, қалып қойма.

Қайырмасы:
Телефоның кейде кейде
Байланыстан тыс бір жерде.
Жаным, жыл құсындай сен де,
Оралсаңшы туған елге.

Қайтейін, қасыңа бірақ бара алмаймын,
Бәрібір тіл білмеймін, таба алмаймын.
Сағынышқа ән мен әзіл қосып
Әйтеуір мен амалдаймын


Трио "Z" еще тексты


Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-