Ежелгі ертегі еліміз
Балбұлақ, бау-бақша жеріміз
Түркістан түрленген, нұрланған
Келіңіз, келіңіз, келіңіз
Бұлбұлы бақтарда сайраған
Қыр гүлі құлпырып жайнаған
Ұл-қызы шаттығын тойлаған
Киелі күмбезді Түркістан
Бүгінде шуақты ертегі
Көріндер куатты өлкені
Тарихта таусылмас дастандай
Ежелден бізге сыр шертеді
Бұлбұлы бақтарда сайраған
Қыр гүлі құлпырып жайнаған
Ұл-қызы шаттығын тойлаған
Киелі күмбезді Түркістан
Түркістан - ән көзі, жыр көзі
Алыстан көрінген күмбезі
Түркістан - шығыстың шырайы
Көгіңнен кетпеген күн көзі
Бұлбұлы бақтарда сайраған
Қыр гүлі құлпырып жайнаған
Ұл-қызы шаттығын тойлаған
Киелі күмбезді Түркістан
Түркістан еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1