Қайран әке, жастығын тез ұрлатқан, Мойымай нала шаққа. Көңіліме нұр құйып, көзімді ашқан, Жол сілтеп болашаққа. Айтқан ақыл, салмақты сөзің мақтан, Бастаған парасатқа. Жүрміз әлі жан әке, өзің жаққан, Жылынып сол ошаққа. Қайран әке, жаны – жаз, сөзі – көктем, Жүруші ек көп еркелеп. Жүрмін бүгін жақсының көзі боп мен, Ержетіп тек ертерек... Тағдырына ұл-қызың төзім еткен Бір Алла берер көмек! Жүрміз әлі, жан әке, өзің еккен Еменді көлеңкелеп... - See more at: http://kalkamansarin.kz/index.php/%D3%A9%D0%BB%D0%B5%D2%A3%D0%B4%D0%B5%D1%80/%D1%81%D0%B0%D2%93%D1%8B%D0%BD%D1%82%D0%B0%D1%80-%D0%BC%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D0%BD/112-%D3%99%D0%BA%D0%B5?pageNumber=1#sthash.kJdrdbi2.dpuf