Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

ТТ тобы - Бөпе | Текст песни

Бар өмірім бір өзіңсің әлдиім менің,

Қуанышқа толы болсын әр күнің сенің,

Тәй-тәй басқан қадымыңа сүйсіне қарап,

Мен үшін бақыт, мен үшін ғажап!



Әлди әлди әлди ай,

Ұйықтай қойшы бөпем ай!

Әлди әлди әлди ай,

Ұйықтай қойшы еркем ай!



Әлди әлди құлыншағым, атасының ізбасары

Әжесінің еркесі, бейбіт елдің ертеңі

Болашағың жарқын, құшағың болcын кең сенің

Парасатты ұл екен деп, айтып жүрсін ел сені!



Балдай тәтті қылығыңа сүйсінемін тамсанам

Бір өзіңе періштем әлдиім деп ән салам

Түнің тыныш болсын, арайлап атсын таң саған

Қолың жетсін мақсатыңа, арманыңа аңсаған!



Әлди әлди әлди ай,

Ұйықтай қойшы бөпем ай!

Әлди әлди әлди ай,

Ұйықтай қойшы еркем ай!



Әлди әлди қызғалдағым, бір өзіңсің ізгі арманым

Қызым менің қылықты өмірімнің ажары

Ұйықта қызым қасыңдамын, маған қажет жымыйғаның

Бақыт байлық мен үшін мойыныма асылғаның!



Еркелейсің күлімдейсің сүйкімдісің тәттісің,

Өміріңде көп болсын, күндердің ең сәттісі

Өмірдің алма кезек, жұмсағы мен қаттысы

Үмітімді қызым, ақтағайсың бастысы!



Әлди әлди әлди ай,

Ұйықтай қойшы бөпем ай!

Әлди әлди әлди ай,

Ұйықтай қойшы еркем ай!

Другие названия этого текста
  • ТТ тобы - Бөпе (0)
  • ТТ - Бопе (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-