Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Тулегенов Берик - Сезімің шын болса. | Текст песни

Сүйгенің шын болса.
(Досымның əңгімесінен)

Өзің деп көз ілдім,
Өзің деп ояндым.
Сол нəзік сезімді,
Сағындым аяулым.
Бақытты күнімді,
Басты кеп қаяу мұң,
Сен жайлы ойлауды,
Қалайша қоярмын.

Сол шақты еске алам,
Өзіңмен бір жүрген,
Талай күн өтті алаң.
Сағынтып бір бірден,
Тағдыр ма қоспаған,
Өмір ме кім білген,
Сол шақтың келмесін,
Енді анық білдім мен.

Бірге өсіп ес білдік,
Ренжітпей ешкімді.
Қанша жыл бір жүрдік,
Мəнді етіп бес күнді,
Бір жылап бір күлдік,
Елемей еш мұңды,
Неліктен сол сезім,
Бұл күні ескірді.

Өзге жан бар екен,
Ұнатқан ата-анаң.
Неліктен жан əкең.
Қатал-ақ тым маған,
Едім ау кімнен кем,
Жауап бер жасаған,
Кемшілік тек біреу,
Болмады ата-анам.

Жабығып шыныда,
Тағдырмен егесем.
Сен жаным бұрында,
Сенімсіз емес ең.
Болар ем жаныңда,
Қаласаң егер сен.
Маңдайға сызылған,
Тағдырым демесең.

Мəңгілік сезім бар,
Бағалар жан болса.
Бəріде оңалар,
Жаратқан жар болса.
Тағдырым жаңарар,
Болсада сұм қанша.
Сен бұлай кетпес ең,
Сүйгенің шын болса.

Авторы: Төлегенов Берік Айтбайұлы.

Тулегенов Берик еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1