Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Тулегенов Берик - Сүйіктіме | Текст песни

Жанарыңнаң төгіледі шуақ нұр,
Саған арнап өлең жаздым құлақ түр.
Ақ раушан, ақ мамық қар, ақ сүттей,
Жүрегімнен орын алған бір ақ гүл.

Аумай қалған ақша жүзің ақ қардан,
Мен сұраған мен тілеген тəтті арман.
Қоңыр күзде көңілімді жаз еткен.
Аппақ гүлім төрін алшы бақшамнан.

Толқын шашың ыйығыма төгілген,
Жылу сезем сенің ұяң көзіңнен.
Сеніменен ғашықтықты жаңа ұқтым,
Бұрындары сезім жайлы не білгем.

Тəңір бізді тоғыстырып қосқасын,
Елемеймін іздемеймін басқасын.
Сол жүректі бір өзіңсің жаз еткен,
Жаз көңілді пəк сезімің сақтасын.

Мен жүрейін елжірейін əн арнап,
Өлең жазып мақпал түнде сені ойлап.
Мен жазамын сезгенімді жүрекпен,
Жалған сүйу алдап жүру маған жат.

Авторы: Төлегенов Берік Айтбайұлы.


Тулегенов Берик еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1