Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Тулегенов Берик - Сыр. | Текст песни

Сыр.

Күлімдеп бір күні алдан шығасың ба,
Жанарда қалған сырды ұғасың ба.
Мəнсіз деп сенсіз күнді жаздым талай,
Өзіңсіз мəнсіз жалған бұл расында.

Қайғымды көкіректе сақтай алмай,
Сағынсам жыр арнадым тоқтай алмай.
Өзіңсіз қызыл шоқтай қызу жүрек,
Жанарға жүрғой сезсең от таба алмай.

Қалауы өзіңсіңғой жүрегімнің,
Мен сені еш себепсіз сүйе білдім.
Əліде жолығармыз біз екеуміз,
Алдымнан шығарсың сен күле бір күн.

Өзіңді мына мендей сүйеді кім,
Ешкімде емес оған куə киелі түн.
Əлде сен шыныңды айтшы менен артық,
Менен артық басқа жанды сүйемісің.

Əр таңым атты осылай сұрақтармен,
Үміт үзіп қалғаным жоқ бірақта мен.
Бұл жалған айырғанмен сезем жаным,
Бізге арнап қаланып тұр жырақта əлем.

Ол жақтың суы мөлдір ауасы саф,
Аққулар мекендейді жарасып ап.
Ол жақта бұл бұлдар əн салады,
Не дейін ол жақта бəрі ғажап.

Авторы: Төлегенов Берік Айтбайұлы.

Тулегенов Берик еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1