Cыйдырмай қойса сезімім сыйымды еш елге, Мәңгіріп кетем Мәжнүннің күйін кешем де. «Періште дейін» десем де күнәға батам, Күнәға батам «пендесің» дейін десем де…
Алтын балық та емессің аулап алатын, Сен бір сиқыр күшсің ғой баурап алатын. …Шыңғысхан боп тумаппын, жарты әлем емес, Жүрегіңнің жартысын жаулап алатын…
Мейлі сен мені менсінбе, елеп-ескерме, Сен мен үшін биіксің Эверестен де! Атыңды жазып коярмын жадыма мәңгі, Маңдайымдағы жазуға ерегескенде!
Қолымнан келсе көрсетіп қазақтығымды, Өзіңмен қашан өткізем ғажап күнімді? Аз күнге ғана болса да азайтып кетші, Ажалдан бұрын жететін азап-мұңымды…